Алдағы уақытта еліміздегі тауарлардың сапасын сыртындағы таңбасына қарап білуге болады

Алдағы уақытта еліміздегі тауарлардың сапасын оған енгізілген таңбасына қарап ажыратуға болады. Мәселен, азық-түлік өнімдерінде бағдаршамға ұқсас қызыл, сары, жасыл түстер пайда болса, өзге тауарларға цифрлық таңбалар жапсырылмақ. Мамандар бұл нарықты сапасыз тауарлардан тазартуға мүмкіндік береді, дейді.

Алдағы уақытта еліміздегі тауарлардың сапасын сыртындағы таңбасына қарап білуге болады

Бұл туралы “Еуразия бірінші арнасы” хабарлайды.

Еліміздегі және өзге де мемлекеттегі кейбір тауар өндірушілер өнімдерінің қаптамасына жалған ақпараттарды енгізу арқылы тұтынушыларды алдап келеді. Сүт және май өндірушілер қандай қоспалар қосылғанын жасырады. Мәселен, сүттен алынатын май мен ақыуыздың орнына өсімдіктен алынған баламаларын қосады екен. Түрлі қоспаларды жасырын қосу балалар арасында семіздік ауруының белең алуына алып келеді, дейді мамандар

«Биылғы жылы 10 айдың ішінде 145 тағамның ішінде шошқаның ДНК-сын таптық. Бұл тек қана шошқанікі емес, басқада шұжықтардың құрамына өсімдіктің ақуызын қосады. Соя ақуызы дейміз. Ол зиянды емес, тұтынушыларды алдау мәселесі», – дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.

Мұндай олқылықтардың алдын алу үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілетін барлық тауарлар таңбаланбақ. Арнайы белгісі жоқ өнімдер одақ кеңістігіне кіргізілмейді. Алдымен пилоттық жоба ретінде тері, темекі және дәрі-дәрмектерді таңбалау көзделуде. Мұның отандық экономика пайдасы орасан зор. Мәселен, бір ғана  темекі өнімдерінің заңсыз айналымы 5 пайызға төмендейтін болса, өндірушілер табысы 2 млрд теңгеге өседі екен.

«Қазіргі ұсынылып жатқан маркалау, ол – цифрлық марка. Бұл марка немесе штрих-код ақпараттық жүйемен байланысты болады. Ол қазіргі заманға сай прогрессивті жүйе. Жасандылыққа жол бермеуге мүмкіндік береді», – дейді ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Ал азық-түлік өнімдерінің сыртында қызыл, сары, жасыл жолақтар пайда болады. Осы таңбалар арқылы өнімнің құрамындағы қант, май және тұздың мөлшері қандай екенін білуге болады. Мәселен, адам тәулігіне 40 грамм қант тұтынуы тиіс, ал кейбір өнімдерде оның мөлшері 120-140 грамға дейін жетіп жығылады екен. Қантты шамадан тыс пайдалану созылмалы ауруларды қоздыруы ықтимал.

«Адамдарға түсінікті болу үшін түрлі түсті гаммамен, түспен көрсетіледі. Сонда әрбір адам көріп тұрады. Жасылы аз құрамды дейміз, аз қызылы көп құрамды, сарысы орташа құрамды болады», – дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.

Тауарларды таңбалауға қатысты заң жобасы Мәжілісте талқыланып, депутаттар құжатты мақұлдады. Мұнда, әсіресе медициналық препараттар жайы айрықша сөз болды. Өйткені, бұл саладағы «сұр нарықтың», яғни қат тауарлардың үлесі 50 мен 60 пайыздың аралығында екен. Ал, өндірушілер тауарларың таңбалануы қосымша шығын алып келетінін айтады. Алайда Мәжіліс спикері бағаны көтеруге жол бермеу керек дейді.

«Бүгінгі күні барлық дамыған мемлекеттер дәрі-дәрмектерді таңбалайды. Біз де одан қалып қоймауымыз қажет. Бірақ, тұрғындар біздің дәріханалар мен ауруханаларда тек сапалы препараттар қолданылатынына сенімді болуы тиіс. Таңбаны енгізу тауар бағасының қымбаттауына алып келмеуі тиіс. Бұл халық үшін сезімтал мәселе», – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Қазіргі таңда таңбалау мәселесі пилоттық жоба ретінде енгізілген. Оның қортындысы бойынша Эуразиялық экономикалық одақтың арнайы комиссиясына ұсыныстар енгізілмек. Егер одаққа мүше барлық мемлекеттен қолдау тапқан жағдай бырыңғай таңбалау жүйесі енгізілуі мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең бай адамның бірі қайтыс болды

Өлімнің себебі айтылмады

50 миллионды қолды қылған: Алматыда 33 жастағы келіншек алаяқ болып шықты

Құйтырқы әрекетін ол тұрғынүй инспекциясының алдында жүріп жасаған екен

Ресейде зорланған қазақстандық қыздың оқиғасына қатысты жаңа деректер анықталды

Қазіргі уақытты 3 полиция қызметкері күдіктеліп отыр

Спортшылар қанша табыс табады: Хабиб Дастин Порьемен жекпе-жек өткізеді

Айқас Біріккен Араб Әмірлігінде өтпек

Ерлі-зайыпты көлден екі аузы бар балық аулады

Олар балықты суретке түсірген соң қайта суға жібере салды

Суға батқан қыздың әруағы жүреді: Қуыршақтардан тұратын әлемдегі ең қорқынышты мекен анықталды

Аңыз бойынша, аралда өмір сүрген адам суға батқан қызды құтқара алмаған

Қазақстанда атаулы көмек алатын 70 мың отбасы қайта тексеріледі

Сапарбаев: 300 мың жалақы алатындар құжатқа 40 мың жалақы аламыз деп көрсетеді

Атыраудағы драма театры толықтай кәсіпкерлердің есебінен қалпына келтіріледі

Комиссия өрттен болған нұқсанның нақты көлемін анықтап жатыр

Жәкішевтің апелляциялық сот отырысын тағы да кейінге қалдырды

Бұған дейін апелляциялық сот 27 тамызға ауыстырылған еді

"Парашют ашылмай қалды": Алматы облысында тікұшақтан секірген әскери қызметкер көз жұмды

Әскери қызметкер қосымша парашютті қолданбаған
Çàãðóçêà...