Алдағы күндері елімізде күн жылынады

«Антициклон шығыс бағытта жылжи отырып республикамыздың көптеген облыстарында аз бұлтты, жаңбырсыз ауа-райын сақтайды деп болжануда.

20170407152331

Солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай тропосфералық ағындардың ауысуы батыс облыстарында күн райының жылынуына алып келді. Демалыс күндері күн райының жылынуы қалған аймақтарда күтілуде, сондықтан ауа температурасы  қалыпты нормадан 3-7ºС жоғары болады деп күтілуде.

Бірақ, сәуірде ауа-райы құбылмалы болғандықтан, демалыс күні еліміздің батыс аймақтарында Ресейдің еуропалық территориясынан кезекті циклонның енуімен жаңбыр жауып, екпінді жел соғады деп күтілуде», делінген хабарламада.

8 сәуірде күн ашық, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Жел оңтүстік батыстан 2-7 м/с. Түнде температура -4-6°С, күндіз +6+8°С.

9 сәуірде күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік батыстан 5-10 м/с. Түнде температура -3-5°С, күндіз +9+11°С.

10 сәуірде күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде температура 0,-2°С, күндіз +11+13°С болады деп күтілуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр