Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Синоптиктер: Алдағы күндері қар жауып, бұрқасын болады
Елімізде алдағы күндері күн жылынып, қар жауады. 5-8 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамын жасаған синоптиктер осылай дейді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Қазгидромет» РМҚ мәліметінше, аязды және жауын-шашынсыз ауа райын анықтайтын Сібір антициклоны әлсіреп, шығысқа қарай шегіне бастайды. Оның орнына Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан және Қара теңізден циклондар және онымен байланысты атмосфералық фронттармен жылы және дымқыл ауа массалары келеді.
Сондықтан 5-8 қаңтар аралығында республиканың басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Алайда атмосфералық фронттардың батыстан шығысқа қарай жылжуының салдарынан қар жауып, бұрқасын болып, батыстан күшті жел соғады. Батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ және тұман күтіледі.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ