Алдағы уақытта елде тауар бағасының төмендеуі күтіледі – Қаржы министрі (видео)
Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев алдағы уақытта елде тауар бағасы төмендеп, инфляция деңгейі түсетінін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің пайымдауынша, тауар бағасы доллар бағамына байланысты.
"Баға төмендейді деп санаймын. Себебі доллар бағамы өскен кезде, импорт арқылы келетін тауарлардың құны көтеріледі. Ал доллар бағамының төмендеуін ескере отырып, импорт тауарлардың бағасы біртіндеп түседі", – деді Жамаубаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Сонымен қатар ол экономикада инфляция да біртіндеп төмендейтінін жеткізді.
"Жылдың басында инфляцияның (20 пайыз) жоғары деңгейі байқалып отыр. 2-3 айдан кейін бұл көрсеткіш төмендейді деп санаймыз. Нақтыланған бюджетте инфляция деңгейін 7,5-9,5 пайыз шамасында белгіленді. Атап айтқанда, елімізде тауар бағасы түседі деп есептейміз", – деді Қаржы министрі.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”