Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы уақытта Екібастұздағы жылу орталығында проблема болмайды - Роман Скляр

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз қаласында келесі жылыту маусымында ешқандай проблема болмайтынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

екібастұз

"Министр мен әкімдік аудитті аяқтаған соң, Екібастұз жылу-электр орталығының өзіне де, жылу желілеріне де қаражат бөлінеді. Облыс әкімі жөндеу жұмыстары толық жүргізіледі деп сендірді. Мен оны қолдаймын. Келесі жылыту маусымында Екібастұзда проблема болмайды", - деді Роман Скляр Үкімет отырысынан соң журналистердің сауалына жауап бере отырып. 

Сонымен қатар мемлекет жекеменшік компания пайдаланып тоздырған нысанның бір бөлігі неліктен мемлекет есебінен жөнделетінін айтты. 

"Мемлекет жекеменшік нысандарды жөндеуге ақша бөле алмайды. Сондықтан нақты бұл жағдайда жылу-электр орталығы мен жылу желілерін коммуналдық меншікке алып, жөндейміз. 5,3 шақырым желі жаңартылады. Осы арқылы қаланы жылумен жабдықтау көрсеткішін жақсарту қарастырылған”, - деді Роман Скляр. 

Вице-премьердің сөзінше, алдағы уақытта жылумен жабдықтау мәселесі шешімін таппақ. 

“Жылу-электр орталығының деңгейіндегі жылу желілерін коммуналдық меншігімізге алғандықтан бюджет есебінен қаржыландырамыз. Олар өздеріне тиесілі қондырғыларды қаржыландырады. Екі жақтап қаржы көлемін арттырып, жылумен жабдықтау мәселесін шешеміз", - деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары. 

Талқылау