Алдағы уақытта ел аумағында жел күшейеді деп күтілуде
Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал еліміздің батысында, оңтүстігінде және солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ел аумағында жел күшейеді деп күтілуде. Солтүстік өңірде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақмола, Атырау, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде күндіз 35-40°С дейін қатты ыстық күтіледі.
"Солтүстік Қазақстан облысында, батыста, солтүстік-батыста, Батыс Қазақстан облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады", - деді синоптиктер.
Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Жетісу, Абай, Ұлытау облыстарында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атыраудың батысында, Павлодардың оңтүстігінде, шығысында және Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн