Қазақстанның бірқатар өңірінде 35 градусқа дейін ыстық болады
Фото: depositphotos.com
Демалыс күндері Қазақстанның кейбір өңірлерінде күн күрт ысиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазгидромет мәліметіне сүйенсек, Қазақстанның оңтүстік-шығысында ауа температурасы кей жерлерде 35 градусқа дейін көтеріледі, ал оңтүстік шекара бойында батысқа қарай ауа температурасы 37 градусқа дейін жетеді деп болжанады.
Республика орталығында және шығысында 30 градус ыстық болжанады. Солтүстікте ауа температурасы 23 градустан жоғары көтерілмейді. Ал батыста айтарлықтай күн суытады, көпшілік аудандарда ауа температурасы 14 градустан жоғары болмайды деп болжанған.
Жалпы алғанда, ауа райы жаңбырлы болады деп болжанады. 27 сәуірде Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында, ал 28 сәуірде Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы жауын-шашынды болады болжанған.
"Республиканың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі. 26 сәуірге қараған түні Абай облысында, 26-27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-3 градус аяз болады деп болжанады", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан бойынша сәуір айына арналған ауа райы болжамы жарияланған еді.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
