Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері елімізде күн жылиды

Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 27-29 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжауынша, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда атмосфералық фронттардың ықпалынан қар аралас жаңбыр, кей жерлерде қар жауып, жел күшейеді.

Сондай-ақ республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінің таулы аймақтарында жауын жауып, көктайғақ болады. Тұман түсуі де әбден мүмкін. Бұған атмосфералық фронтальді бөліктер ықпал етеді.

"Еліміздің батысында жоғары қысымды орталық басым болады. Бұл өңірде жауын-шашынсыз, тыныш ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы 0-5 градусқа дейін жетеді", – деп мәлімдеді "Қазгидромет".

Талқылау