Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 градусқа дейін жылынады: Алдағы үш күннің ауа райы белгілі болды

Қазақстанда күн жылынады, бірақ ауа райы әлі де тұрақсыз, деп болжайды Қазгидромет синоптиктері.

Наурыздың соңғы күндерінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Республиканың барлық аумағы жауын-шашынды болады.

29 наурызда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста таулы аймақтарда;

30 наурызда республиканың шығысында нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Республикада тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел екпіні 15-28 м/с-ке дейін күшейеді.

"Ауа температурасының бірте-бірте көтеріледі. Түнде Қазақстанның солтүстік жартысында -6...+2 градусқа дейін, республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы -5...+5 градусқа дейін көтеріледі. Күндіз ауа температурасы батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірде10-20 градусқа дейін, республиканың солтүстігінде 2-8 градусқа дейін жылы болады, республиканың шығысында және орталығында 3-11 градусқа дейін 0-ден жоғары болады. 

Мөлдір Төлебай
Дүйсенбі, 28 Наурыз, 2022 12:45
Талқылау