Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері ауа райы күрт жылынады

"Қазгидромет" еліміздегі 25-27 ақпанға арналған ауа райымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ауа райы

Синоптиктер алдағы уақытта елімізде жылу күтілетіндігін жеткізіп, бұған қоса жауын-шашын түсетінін айтып кетті. Ауа температурасы климаттық нормадан 4...12°C аномалды жоғары болады.

"Алдағы күндері Сібір антициклоны ықпалымен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, бірақ Қазақстанның көптеген аймақтарында түнде және таңертең көріну қашықтығы 500 метрден төмен тұман түсуі ықтимал. Республиканың батыс аймақтарына жауын-шашын және көктайғақ әкелетін атмосфералық ағындар ығысуда. Бұл фронттарды Атлант мұхитынан келетін кезекті циклон әкеледі. Сондықтан жауын-шашынмен қатар ауа температурасы жоғарылайды. Ағындардың батыстан шығысқа көшуіне байланысты Қазақстанның қалған бөлігінде де жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі", - деп бөлісті синоптиктер. 

 

Талқылау