Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр мен қар жауады: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болып, тұман және желдің күшейеді деп болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кезеңнің басында, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік, шығыс жартысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік жартысында жаңбыр жауып, найзағай болады. 

19 наурызда Алматы облысының, Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, жауын-шашынсыз
ауа райы тек еліміздің батысында болады деп болжанады. 

“Антициклонның енуімен кезеңнің екінші жартысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі болжанады. Температуралық фонға келетін болсақ, айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, тек кезеңнің екінші жартысында ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасы түнде 7-20 °C аязға дейін, күндіз 0-8 °C аязға дейін төмендейді деп күтіледі”, – делінген хабарламада. 

Талқылау