Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ауыр атлет Универсиадада рекорд жаңартып алтын медаль жеңіп алды

Тайпейде өтіп жатқан Универсиада ауыр атлетіміз Альберт Линдер Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды әкелді.

2ce77a5118598bb144bf89cadd7d0cd8_L

69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшымыз бастапқыда 148 келі көтеріп, кореялық ауыр атлетке есе жіберген (153 келі), деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Дегенмен жұлқа көтеруде Линдер қарсыласынан асып қана қоймай, Универсиаданың екі рекордын орнатты. Бастапқыда ол 180 келіні көтерді, ал екіншісінде – 185 келі. Қоссайыс қорытындысы бойынша қазақстандық споршы 333 келі көтерген.

 

Талқылау