Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқтық жолмен ақша жымқырған: Turkistan Invest төрағасының орынбасары бас бостандығынан айырылды

Turkistan Invest төрағасының орынбасары 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл труалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Түркістан Инвест" өңірлік инвестицияны ынталандыру және экспортты дамыту агенттігі" ЖШС басқарма төрағасының орынбасары А. Ержанов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтеуге сотталды", - делінген хабарламада.

Антикордың хабарлауынша, ер адам "Composite Group Kazakhstan" ЖШС басшылары Конусов С. мен А.Гомаюмовқа тиесілі 2 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген. ЖШС тракторларды жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы деп танылғаны Түркістан облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына пара беруге итермелеген деп танылды.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 17 Мамыр, 2022 18:47
Талқылау