Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқтар WhatsApp арқылы ақша ұрлап жатыр

Ресейде WhatsApp мессенджері арқылы ақша ұрлайтын, ұрлықтың жаңа түрі кең етек алып келеді.

763d7084702dbd129f261020222e82b4

Фото: livekuban.ru

Бұл туралы vesti.ru хабарлайды.

Алаяқтар пайдаланушыға банктың атынан хабарлама жібереді: онда оның банк картасы арқылы интернет-дүкенде тауар сақталғаны айтылады. Егер қарапайым пайдаланушы ештеңеге тапсырыс бермеген болса, онда оған банктың қауіпсіздік қызметімен жедел түрде байланысқа шығу керектігі айтылады. Ал телефон шалған кезде, тұтқаны банк өкілі емес, зұлым ойлы адам көтереді. Ол пайдаланушыны қызықтырып, интернет-банк жүйесіндегі жеке кабинетіне ену мүмкіндігіне ие болуға тырысады.

“Ондай хабарлама алған жағдайда оны өшіріп, ұсынылған нөмірге хабарласпау керек”, – дейді Ресей орталық банкінің өкілдігі.

Жәй көрсетілген нөмірге қоңырау шалғанның өзінде, оның шотынан ақша алынуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Аустралияда 5 жасар бүлдіршінге жынысын ауыстыратын ота жасалмақ

Үнді азаматы әйелі секпен айналыспай қойғаны үшін өзінің жыныс мүшесін кесіп тастаған

Сауд Арабиясының тұрғындары көше сыпырушыға көп алтын мен қымбат смартфондар сыйлады

Тойына тікұшақпен келмек болған қалыңдық көз жұмды (фото)

Талқылау