Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқтар қазақстандықтарға жоқ көліктерді сатуда

Алаяқтар Қарағанды тұрғынының атынан жоқ көліктерді сатқан. Жыл басынан бері осы тектес қылмыс 17 рет қайталанған. Қарағанды тұрғынының жеке мәліметтеріне қол жеткізген алаяқтар Kolesa.kz сайтына көлікті сату туралы хабарлама орналастырған. Кейін сатып алушылардан кепілақы алып, іс-түссіз жоғалып кетіп отырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

көлік

Максим Наукиннің отбасына осымен екінші жыл алаяқтардың құрбаны болған азаматтардан қоқан-лоқы келіп түседі екен. Қазір ол қылмыстық істе куәгер ретінде жауап беріп жатыр. 

Алданғандар арасында Қазақстанның өзге облыс тұрғындары бар. Қарағандылық азамат қылмыскер қолға түскен соң моральдық өтемақы ала алады екен. 

"Олар жеке ақпараттарды қайдан алған? Мен 2020 жылы "Газель" көлігін саттым. Маған Шымкенттен клиент қоңырау шалып, көлікті көргісі келетінін айтты. Кейін маған кепілақы жібермекші екенін мәлімдеп, картамның нөмірі мен жеке куәлігімді сұрады. Барлығын жібере салдым. Осылайша ол басқа адамдарды алдай бастады. Мұнымен бұрын да шұғылданған шығар", - дейді Қарағанды тұрғыны Максим Наумкин. 

"Жыл басынан бері күдіктілер Kolesa.kz сайтына жоқ көліктердің хабарламасын орналастырып, азаматтардың ақшасын иемденген 17 жағдай тіркелді. 17 жағдайдың 7-де қаржы Ресейге жіберілген", - деп мәлімдеді Полиция департаменті киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы Мади Бағдат. 

Талқылау