AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

42 500 теңге төлейміз деген: Алаяқтар қайырымдылық ұйымдарын пайдаланып, қазақстандықтардың атынан несие рәсімдеуде

Алаяқтар қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платоформасын пайдаланып, қазақстандықтар атына несие рәсімдеуге талпынуда. Бұл туралы "Қазақстан халқы" қорының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тек демалыс күндерінің өзінде "Атамекен" ҰКП байланыс орталығына осындай шағымдармен 250 адам жүгінсе, дүйсенбі, 7 ақпанда осы тектес тағы 186 қоңырау түскен.

Мәселен, өтініштердің бірінде Шымкент тұрғыны атаmekenim.kz сайтында көмекке өтініш беріп, барлық мәліметтерді толтырғаннан кейін экранда несиенің сәтті өңделгені туралы ақпарат пайда болғанын, содан кейін оған одан әрі ақшалай несие рәсімдеу туралы ұсыныспен бейне қоңырау түскенін айтқан. 

Дәл осындай оқиға Өскеменде де болды. Онда қала тұрғынына электронды үкіметтің жалған порталы атынан SMS хабарлама жіберіліп, одан кейін ақшалай көмек түрінде 1 166 000 теңге алу үшін жолданған SMS кодын атауды сұраған алаяқ телефон соққан.

Осыған дейін Қордың әлеуметтік желідегі мессенджерлеріне "Қазақстан халқына" қоры атынан телефон соққан алаяқтар төлеуге уәде еткен 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыға қатысты сұрақтар келіп түскен болатын.

"Қор мессенджерлер арқылы бейне немесе аудио қоңыраулар жасамайды. Жалғыз байланыс өқұралы – qazaqstanhalqyna.kz сайты және atamekenim.kz қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платформасы. Біз азаматтардың қауесеттерге сенбеуін және алаяқ ұйымдардың арандатуына берілмеуді сұраймыз. Тек ресми ақпаратқа сеніңіздер", – дейді "Қазақстан халқы" қорының ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Сондай-ақ ол мұндай алаяқтық фактілерін айтып, жерлестерін ескертіп жүрген қамқор жандарға алғысын білдірді.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр