"Алаяқ болсаңдар, үлкен кісіні босқа әурелемеңдер дедім": Қаскелең тұрғыны "Сәтті Жұлдыз" лотереясынан пәтер ұтып алды
Алматы облысы Қаскелең қаласының тұрғыны “Сәтті Жұлдыз” лотереясына қатысып, пәтер иесі атанды. Ұтыс иегері жеңісі туралы естігеннен кейінгі өзінің алған әсерімен бөлісті.
Серік – отау көтеріп, еңбек етіп, бала-шағасын өсіріп, енді оларың қызығын көретін жасқа жеткен азамат. Ол бос уақытында лотереяға қатысып, бір-екі мәрте шағын сыйақы алған. Бірақ бұл жолы өміріндегі ең үлкен жеңісі – пәтерге ие болды. Дегенмен өзінің айтуынша, пәтер ұтқанын естігенде бірден қуанып, асыр салмапты. Себебі, қазіргі таңда алаяқтар өте көп екенін, әсіресе, егде жастағыларды жиі алдайтынын естіп, сабыр сақтап, қырағы болуды жөн санаған.
“Қазір алаяқтардың заманы ғой. “Нөміріңізге келген кодты айтыңыз” дегендер болды. Сондықтан сіз хабарласқанда сенер-сенбесімді білмедім. Тіпті, өздеріңізге “Егер өтірік болса, ауылдан босқа бармайын. Мені әурелемеңіз, жас емеспін, үлкен кісімін” дедім. Соңында кеңсеге барып, нақтысын көремін деп шештім. Бірақ жұбайым мен балаларым “ой, әке, фейкке түсіп қалыпсыз” деп айтпасын деп, оларға ештеңе айтпай, тек кіші ұлымды ертіп алдым”, – дейді Серік.
Лотерея кеңсесіне барып, ұтыстың шын екеніне көз жеткізгенде Серік қатты толқыпты. Бірден жұбайына хабарласып, қуанышты жаңалығын жеткізген. Бір қызығы, телефон тұтқасының ар жағындағы жұбайы да алғашында сенбеген. Тіпті, “Қуасың ба? Алаяқтар шығар. Өтірік алдап жатыр” деген екен.
Дегенмен жеңімпаздың өзі күмәнін сейілтті. Ұтысына дән риза екенін айтады. Серік Жылқыбаевтың өз үйі бар болғандықтан, жаңа пәтерді ақшалай сыйлыққа айырбастауды жөн көріпті. Бұл сыйақыны қалай және қайда жұмсағысы келетінін де бөлісті.
“Бұл ақшаға жұбайыммен бірге демалып, саяхаттағысы келеді. Ал қалғанын отбасымызға қажет заттарға жұмсаймыз”, – дейді Серік.
Серік Жылқыбаев бұл пәтерді TeleBingo лотереясына қатысып, ұтып алған. Айта кетері, “Сәтті Жұлдыз” Ұлттық лотереясы түрлі ұтыстар мен науқандар өткізіп тұрады. Оған қатысып, жеңімпаз атанғандарға шағын, қомақты жүлде қорлары, көлік, үй сияқты бағалы сыйлақтар беріледі. Мәселен, 29 тамызда болатын "LOTO 6/49" тираждық лотереясына қатысатындардың Кроссовер ұтып алу мүмкіндігі бар. Жеңімпаздар сол күні 23:00-де VK тікелей эфирінде және SattyZhuldyz YouTube арнасында анықталады.
"Үлкен баламның ипотекасын жабамын": Ақтөбелік тұрғын 62 миллион теңге джекпот ұтты
Ұлттық лотереяға қатысатындар бақтарын сынап қана қоймай, науқандарға да қатысып, игі істерге өз үлесін қоса алады. Мысалы, “Сәтті Жұлдыз” Сергей Цырульниковпен бірге Charity марафонын ұйымдастырып жатыр. Қатысушы “Сәтті Жұлдыздың” кез келген лотерея билетін сатып алса, оған төлеген сомасының бір бөлігі Сергей Цырульниковтың “100 ауыл” деген жобасына жіберіледі. Осылай қазақстандық азаматтар бір ауылдың дамуына септігін тигізе алады. Бұл марафонға қатысу үшін бар болғаны “Сәтті Жұлдыздың” арнайы сататын нүктелерінен билетті сатып алуы керек. Кейін Player ID базасына тіркелген нөмірін сатушыға айтуы қажет.

"Қазақтар тұрмайтын Германияда тіліміз қазақша шықты": Шетелде туып-өскен қазақ жігіті желі қолданушыларын несімен сүйсіндірді
