“Алау” тобы Димаштан алған уәделері жайында айтты (видео)
Баян Есентаеваның қарамағындағы жалғыз жігіттерден құралған "Алау" тобы соңғы жаңалықтарымен бөлісті. Топтың қос бірдей мүшесі Ерік пен Хамит дипломы бар әншілер қатарына қосылды.
Бұл туралы Instagram желісінен белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz. Ал "Қазақстан" ұлттық арнасының "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбаттарында жігіттер Димашпен бірге ән салғандарын айтып мақтанды. Бұдан өзге, әлем таныған Димаштың кезінде өздеріне берген уәдесін еске алды. "Біз Димашпен біраз гастролге барған болатынбыз. Орал жаққа барғанда Димаштың берген бір сөзі бар. Егер біз АҚШ-та концерт қоятын болсақ, Димаш біздің концертімізге келіп ән айтып беремін деген", - дейді "Алау" тобының жігіттері. "Алаулықтар" Димаштың Астана-Аренада өтетін алғашқы ән кешіне қатысатындарын тілге тиек етті. "Димаштың концертінде ән айтамыз. Келіңіздер", - деп шақырды топ солистері. Жіберіп алмаңыз: Қуандық Рахым: Гауһар екеуміз бірге ән салмай тұрып бір-бірімізге өлердей ғашық болдық Роза Рымбаева жас әнші Айдарбек Рысбекпен дуэт орындады Димаш астаналық бүлдіршіндерге Абайдың әнін шырқап берді (видео) Төреғали мен Еркені бірге көрген жұрт өзара қырқысып қалдыТалқылау