Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Алатау ауданының жастары референдумға қатысуға ниетті

Конституциялық реформаны қолдау үшін дауыс беру - бұл үлкен жауапкершілік және біз бәріміз осы процеске қатысуға тиіспіз. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Бекқали Торғаев Алатау ауданының жастарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сондай-ақ алдағы 5 маусымда еліміздің Ата заңына қандай түзетулер енгізілетінін түсіндіріп берді. 

"Бұл жерде сіз адам немесе партия үшін дауыс бермейсіз, өз болашағыңыз үшін Жаңа Қазақстанды құруға дауыс бересіз. Біз барлығымыз референдумға үлкен үміт артамыз. Еліміздің болашағы – жастар", - деді Торғаев.

Мәжілісменнің сөзін қалалық штаб мүшелері Нұрия Ниязова мен Руслан Нұрлыбаев қолдады.

"Қазіргі жастар – бұл креативті идеялары мен болашаққа үлкен жоспарлары бар, нені қалайтынын білетін жас ұрпақ. Олардың алдағы референдумның маңыздылығын түсінетіндері қуантады. Бұл олардың елдегі қоғамдық-саяси жағдайға деген жоғары жауапкершілігін көрсетеді", - деп атап өтті партияның қалалық штабының мүшесі Руслан Нұрлыбаев.

Талқылау