Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"40 елде байқалды": Солтүстік Қазақстанда тылсым құбылыс пайда болды

Солтүстік Қазақстанда тылсым құбылыс байқалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputniknews басылымына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстанда тылсым құбылыс пайда болды

Фото: @Елена Бережная

Бұл шеңберлерді Қызылжар ауданындағы Вознесенка ауылына кетіп бара жатқан жолда физика пәнінің мұғалімі Елена Любенкова байқап қалған. Ол физика кафедрасында сабақ беретін ұстаздарға және Солтүстік Қазақстан обсерваториясының қызметкерлері Андрей мен Надежда Солодовниктерге хабарласып, шағын экспедиция ұйымастырған. 

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің професоры Андрей Солодовник алаңқайдағы тылсым шеңберлер немесе агроглитерлер танылмаған табиғи күш болып саналады дейді. Бұл құбылысты ғылым әлі түсіндірмеген.

"25 жыл бұрын халықты бидай алаңдарында пайда болған тылсым белгілер алаңдатқан. Оларды қарапайым адамдар байқаған. Шеңбер, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш геометриялық суреттердің көлемі үлкен болғаны соншалық, оларды тек құс ұшатындай жерден ғана байқауға болатын еді. Бұл феноминнің отаны Англия болып табылады. Нақтырақ айтқанда Англияның оңтүстігі Уилтшир графтығы. Англиядан басқа феномен тағы 40 елде байқалған екен", - дейді Андрей Солодовник.

Солтүстік Қазақстандағы тегіс бидай өсіретін алаңқайдағы шеңберлерді шілде айының басында ауылға қарай жол тартқан мектеп мұғалімі Елена Любенкова байқап қалған. Артынша алаңға қайта оралып, көліктің төбесінен англиялық шеңберлерге ұқсайтын құбылысты суретке түсіріп алған. Артынша бұл оқиғаға бей-жай қарамайтын адамдарға хабар беріп, зерттеушілерге суреттерді жіберген. 

"Әрине дрон қажет болды. Барлық фигураны суретке түсіру керек еді. Бұл жағынан жан-жақты профессор, орнитолог Иван Зубань көмектесті. Оған қоса, экспедициямыға ғылыми зерттеуде тәжірибесі бар астрономдар, түлектеріміз Дмитри Алешин мен Павел Журавлев қосылды. Бастапқыда бұл құбылыс күмән тудырды, алайда, зерттеген сайын керемет әсер алдық", - дейді Андрей Солодовник.

Ғалымдардың болжамы биіктіктен түсірілген суретте қатты байқалмаған. Суретте нақты пішіндер көрінбейді. Мұны парарлель дүниеден келген белгі деп те айту қиын. Себебі қандайда бір сөз немесе жазудың белгісі жоқ. 

Нәтижесінде ғалымдар радиациялық әсер ғарыштық тар сәулелерді де тудыруы мүмкін екенін айтты. Бұл физикалық күрделі механизм. Немесе қараңғы заттардың құйындылары болуы мүмкін. Ғаламшарда ұшып жүретін мүлдем зерттелмеген құбылыс та болуы ықтимал екен. Бұл тақырыптарды талдау болашақтың мәселесі деп санайды ғалым.

Талқылау