Алакөлде демалушылар балалардың көзінше жаппай төбелес шығарды (видео)

Жетісу облысындағы Алакөл жағажайында ер адамдар жаппай төбелес шығарды. Оқиға басқа демалушылар мен балалардың көз алдында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаппай төбелестің видеосы Instagram желісінде жарияланды. Кадрларда бірнеше ер адам бірін-бірі жұдырықпен, аяқпен және ағашпен ұрып жатқан сәттері көрсетілген. Қауіпті төбелеске жақын жерде бір бала қарап тұр. Ал сәл әріректе ата-аналарымен бірге басқа да балалар жүрген.
-
Желіде Вьетнамда қазақстандық азаматтың төбелес шығарғаны туралы видео тарады
-
Түркістан облысында екі ер адам әкімдік ғимаратында төбелес шығарды
Жетісу облысының полиция департаменті бұл оқиғаның болғанын растады. Алайда кейінірек түсініктеме беретінін хабарлады.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді