Алакөлде демалушылар арасында төбелес шығып, екі жігіт полиция бөлімшесіне жеткізілді
Фото: видеодан скриншот
Алакөлде демалушылар арасыда жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Полицейлер бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға кешкі уақытта Алакөлдегі демалыс орындарының бірінің аумағында болған. Куәгерлер түсіріп алған видеодан жас жігіттердің бірін-бірі итеріп, балағаттап, артынша жұдырықтаса жөнелгенін көруге болады. Демалушылар арасындағы жанжал неден шыққаны белгісіз.
Полицейлердің айтуынша, екі жігіт қана төбелескен, қалғандары оларды ажыратпақ болған. Төбелес шығарғандар полиция бөлімшесіне жеткізілген. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
"Бұл жағдай екі жігіттің арасында болған және топтық сипат алмаған. Екі қатысушы да полиция бөлімшесіне жеткізілді. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды" – деп мәлімдеді Абай облысы полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген