Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алакөл жағасында екі бала жоғалып кетті

Алакөл жағасында екі бала жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. 

"Бүгін Алакөл жағалауында ересектердің қарауынсыз қалған 2017 және 2018 жылы туған екі бала демалыс орны аумағынан өз бетінше шығып, адасып кеткен", – делінген хабарламада.


"Алдымен зорлап, кейін өлтірген": Жетісу облысында төрт күн бойы іздеуде болған қыздың денесі табылды


Жедел іздестіру шаралары кезінде екі бүлдіршін демалыс аймағынан 1,5 шақырым жердегі көл жағасынан табылды. Балалар ата-аналарына тапсырылған.

Министрлік ересектерді балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстанда үш қыздың Жайық өзеніне батып кеткені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 18 Шілде, 2024 21:28
Талқылау