Соңғы жаңалықтар

Алакөл қайта ашылды: ШҚО-ның бас санитар дәрігері жағалауды жабу туралы қаулының күшін жойды

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Марат Исмаилов Үржар ауданындағы Алакөл көлінің жағалауын жабу туралы қаулының күшін жойды, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі. 

Құжат тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің сайтында ресми түрде жарияланды.

Исмаилов әріптесі - Үржар ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 22 шілдедегі қаулысын қарап, оны 24 шілдеден бастап тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Тиісті тапсырмалар Үржар ауданының әкіміне, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдарға, жеке және заңды тұлғаларға, Үржар аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына берілді.

Еске сала кетейік, Үржар ауданының Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағында демалушыларды қабылдауды карантин аяқталғанға дейін тоқтатқаны хабарланды.

Осыған бйланысты жергілікті тұрғындар ШҚО әкімдігіне жүгініп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды. Адамдар 30-шы тамызға дейін жағалауды жаппауды және блок-бекеттер орнына қойылған бетон блоктарды алып тастауды талап етті.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by ANATOLIY KIM (@kazmma) on

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр