Әл-Хилялға ауыса ма: Лионель Месси Сауд Арабиясына келді
ПСЖ-ның аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси Сауд Арабиясына келді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sport.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы журналист Абдул Рахман Аль-Рафдан Twitter парақшасында жазды.
Мессидің Эр-Риядқа келуі оның саудиялық "Әл-Хилялға" ауысуы мүмкін деген қауесетке еш қатысы жоқ. Ол араб елінің туризмінің амбассадоры болғандықтан Сауд Арабиясына екінші рет келіп отыр. 35 жастағы Мессидің ПСЖ-мен келісімшарты 2023 жылдың маусымында аяқталады. Бұған дейін БАҚ-та әл-Хилял аргентиналыққа жылына 400 миллион жалақы ұсынуға дайын екендігі туралы ақпарат пайда болған еді.
Осы маусымда Месси 37 ойында 20 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”