Әл-Фараби даңғылындағы "шұңқырға" қатысты видеоға Алматы әкімдігі жауап берді
Әлеуметтік желіде Әл-Фараби даңғылының Науаи көшесімен қиылысындағы жуырда ғана жөнделген бөлігінде шұңқыр пайда болды деген ақпарат тарады. Алматы әкімдігі аталған ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Кадрларда көшенің жөндеу жұмыстары жүргізілмеген бөлігі көрсетілген. Науаи қиылысындағы Әл-Фараби даңғылы емес, Садықов көшесінің шығыс жағындағы жер екені көрінген.
"Бұл учаскеде жөндеу жұмыстарын аудан әкімдігі жүргізуі керек. Кадрларда тозған белгілер байқалады, жөнделген жерлерде белгілер жоқ, жаңадан жөнделген жолдарда белгілер болады", - деді әкімдік.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойында көлік қозғалысы шектелетінін жазған болатынбыз.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн