Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде пакет қаптап жүр

Қытай Халық Республикасының түрмесінде есірткі сатты деген айыппен отырған Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбай қазір қытай түрмесінде жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА-ның ҚХР-дағы меншікті тілшісі.

49547566-8a69-447a-9412-bbe46f25ca11

«Ақжарқын тергеу абақтысында бірреттік пакеттерге қолғаптар мен басқа да бұйымдарды салып, қаптайды. Ақжарқын күнде Қытай теледидары арқылы жаңалықтарды тыңдай алады (күніне 1-1,5 сағат теледидар көруге рұқсат етілген – агенттік). Ақжарқын келесі жолы отбасымен бірге түскен суреттерін беріп жіберуді өтінді. Көзілдірік мәселесін шешіп бердік. Бұрын оның камерасында ыстық су болмаған, қазір бұл мәселе де шешілген», – деді ҚХР-дағы Қазақстан Елшілігінің консулдық бөлім жетекшісі Болат Сырлыбаев.

Дипломат бүгін Гуанчжоудағы тергеу изоляторында отырған Ақжарқынмен кездесіп әңгімелесті. Оның айтуынша, Ақжарқынның қазіргі көңіл-күйі жақсы. Ол келесі – мерекелік аптада жұмысқа тартылмай 16 адаммен бірге камерасында демалады. Дипломат Ақжарқынды ақпан айындағы туған күнімен құттықтап, карточкасына аздап ақша салып берді.  Ақжарқын Аапан айында 23 жасқа толады. Дипломат қазақстандық қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетовтің Ақжарқынның соты 27-28 ақпан күні өтеді деген мәліметті  растаған жоқ.

Еске сала кетейік, 21 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын. Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген. Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2016 жылы 7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы етті.

Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы “Ислам мемлекетіне” қатысы барын мойындады

Алматыда тіркеуге келіп көз жұмған азаматтың отбасына мемлекет тарапынан көмек көрсетілмеген

Қазақстандық азаматтарға интимдік қызмет көрсету ұсынылуда

Талқылау