Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтару қалай жүзеге асырылады

Сыртқы істер министрлігі Қытай түрмесіне қамауға алынған отандасымызды елге қайтару тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақжарқын
Қытайда есірткі ісіне қатысты үстінен қылмыстық іс қозғалып, түрмеге қамалған Ақжарқын Тұрлыбайды эктрадициялау үшін алдымен сот шешімі шығуы керек. Дипломаттардың айтуынша, сот үкімінсіз отандасымызды елге қайтару мүмкін емес.

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты соңғы сот отырысы қыркүйек айында өткен. Оның шешімі әлі шықпады. Сот үкімі белгілі болған соң ғана,қазақстандық дипломаттар отандасымызды елге қайтарудың амалын жасамақ. Әуелі Ақжарқынның жақындары Бас прокуратураға өтініш-хат жолдауы тиіс. Содан кейін барып қана қадағалаушы орган Қытай тарапына жүгінеді. Соңғы шешімді Қытай елінің соты қабылдайды. Алайда сот шешімі оң нәтиже беріп, жерлесіміз елге оралған күннің өзінде Қазақстан соты аталған іске қатысты өз үкімін шығарады. Сот қайта қаралады.

Естеріңізге сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу қаласының әуежайында ұсталған болатын. Есірткі алып өтпек болған деген айып тағылып, 2015 жылы маусымда Қытай соты Ақжарқынды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Жыл өткен соң бұл үкім жойылып, іс қарауға жіберілген.
 

Талқылау