AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Назым Әбілдина: 30 жасыма дейін балалар үйін салғым келеді

Қазақстандық актриса, әнші және тележүргізуші Назым Әбілдина өз аты бірнеше балаға берілгенін айтты. Ол сондай-ақ балалар үйін салу жоспары туралы баяндап берді.

Актриса Instagram желісінде оқырмандарымен жақын сөйлесті.

Олардың кейбіреулері актрисаға ұқсағысы келетінін жазды. Дәл солай әдемі әрі сымбатты болғысы келетінін айтты.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Назымнан да кәдесый сұрады.

"Рахмет. Маған енді қайырымдылық қорын ашу керек сияқты. Негізі бұл менің жоспарымда бар. Балалар үйін ашқым келеді. Алла жоспарымды 30 жасқа дейін ашуды бұйырсын", - деді Әбілдина.

Актрисаның айтуынша, көп ата-ана Назымға ұқсау ұқсау үшін есімін өз балаларына қойған екен. 

"Менімен бірге қанша ұрпақ өсті, бұл үлкен жауапкершілік", - деп жауап берді тележүргізуші.

Ол небәрі 7-8 жаста болған бірнеше фотосуреттерін жариялады. Осы жаста актриса теледидар бағдарламаларын жүргізген еді.

Айта кетейік, Назым Әбілдина неке жүзігін көрсетіп, тұрмысқа шығатынын хабарлаған еді. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр