Актриса Әсел Сәдуақасова коронавирус жұқтырды
Қазақстандық актриса, әнші әрі продюсер Әсел Сәдуақасова коронавирус жұқтырды. Бұл туралы әншінің өзі желіде мәлімдеді.
"Мен ауырып қалдым. Бәрі менің денің сау деп үміттенген еді. Бірақ айналамдағы адамдардың бәрі ауырып жатқанда менің ауырмау жүруім қиын. Өздеріңізді қорғаңыздар. Мен үшін дұға жасаңыздаршы. Бұл жазбам сіздерге ескерту ретінде жазылды. Үйде отырыңыздар. Әр жерге бара бермеңіздер", - деді актриса Instagram парақшасында.
Наурыз айының ортасында әншінің лайнермен қыдырып жүргенде ауру жұқтырғаны туралы хабарланды. Сәдуақасова ұзақ уақыт бойы Еуропада болды. Бірақ ол кезде Әсел бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.
"Бүгін қатты қорқып тұрмын": Айқынның әйелі мен бала-шағасы ауырып қалды
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”