Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбенің әкімі қаланы мүгедектер арбасымен аралап шықты

Ақтөбе қаласының әкімі Шахаров Асхат мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесіп, қаланы қоларбамен аралап шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе әкімі

Ақтөбеде жол жөндеу, жүргіншілер жолын салу басталды. Бірақ, аталған жобалардың басым бөлігінде мүмкіндігі шектеулі, қоларбамен қозғалатын адамдардың сұранысы ескерусіз қалған. Олқылықты "Пандус ОК" ЖШС басшысы, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Шахан Жолдасбаев қала әкіміне мәлімдеді.

"Өзім қоларбамен жүремін. Жиналыстарда әкімге ескерту беріп, айтқан едім. Ол өзі көріп, қарап, сынақтан өткізуге уәде берді. Мен бар өмірімді мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалысын жеңілдетуге арнадым. Еуропа елдері секілді кедергісіз жүріп, кез келген әлеуметтік нысанға кіруді қалаймыз. Әрқайсысының өз талабы, ережесі бар. Сол ескерілсе, адамдармен араласу біздерге жеңілдейді", - деді ол.

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында 12 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар, оның ішінде 2 мыңнан астамы балалар.

Талқылау