Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғыны өмірге келді

Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғыны Алинур Жалғасбай дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғыны өмірге келді

«Бала аман-есен дүниеге келді. Оның салмағы - 3,060 килограмм, бойы - 53 сантиметр. 2019 жылдың 10 айында біздің №1 перинаталдық орталықта 6 мыңнан астам адам дүниеге келді», - дейді орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Анар Әмірқұлова.

Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғыны өмірге келді

Бүгін қала әкімі Мавр Абдуллин перинаталды орталыққа барып, 500 мыңыншы болып туған сәбидің отбасын құттықтап қайтты.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев 2014 жылдың қаңтарында Ақтөбе қаласын заманауи урбанистік орталыққа айналдыру жөнінде айтқан болатын. 

2019 жылғы 1 қазандағы мәліметке сәйкес, Ақтөбе қаласы Қазақстан қалалары арасында халық саны бойынша төртінші орынға шықты. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы Батыс Қазақстанның ең көп қоныстанған және осы көрсеткіш бойынша Алматы, Нұр-Cұлтан, Шымкент қалаларынан кейінгі елдегі төртінші қала болып табылады.

Айта кету керек, Ақтөбе қаласында бала туу өсімінің тұрақты оң динамикасы байқалады. Егер өткен жылдың 11 айында 11 939 бала дүниеге келсе, ағымдағы жылдың ұқсас кезеңінде 3% - ға артық, яғни 12263 бала тіркелген.

Талқылау