Ақтөбені жаңбыр суы басып қалды: Тұрғындар қалада төтенше жағдай енгізуді сұрауда
Ақтөбеде толассыз жауған жаңбыр қала тұрғындарын әбігерге салды. Оннан астам көше су астына кетіп, бірқатар аудан тұрғындары жарықсыз қалды. Тіпті су көп қабатты үйлердің төбесінен өте бастаған. Осыған орай, ақтөбеліктер қалада төтенше жағдай енгізуді сұрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Жаңбыр суы медициналық орталықтар мен жаңадан салынған пәтерлерді басып қалған. Тұрғындардың сөздерінше, әкімдік пен коммуналдық қызмет өкілдері олардың жағдайына назар аударатын түрлері жоқ.
Қала көшелірі де суға толып, көлік қозғалысына кедергі келтіруде. Кейбір жүргізушілерді, тіпті құтқарушылардың көмегімен судан шығаруға тура келіпті. Өз кезегінде коммуналдық қызмет өкілдері жаңбырдың салдарын жойып үлгере алмай жатқандарын жеткізді. Сөздерінше, қалада ауа райы болжамында айтылған мөлшерден төрт есе көп жауын-шашын болған. Синоптиктер аймақта мұндай ауа райы апта соңына дейін жалғасатынын айтады.
"Қаланың коммуналдық қызметі күні-түні жұмыс істеуде. Қазіргі таңда жаңбыр суын тазалауға 60-65 техника бірлігі жұмылдырылған. Қала бойынша екі үлкен жылжымалы сусорғыш бар. Тағы бес сусорғыш станциясы қосылды", – деді Ақтөбе қаласының әкім аппаратының ТЖ бөлімінің жетекшісі Серік Дәулетов.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
