Ақтөбеліктер үш сіңлісін жалғыз өзі бағып отырған 10 жастағы қызға көмектесіп жатыр
Өзбекстаннан Ақтөбеге қоныс аударған Құлжұмыровтар отбасы туралы бұған дейін хабарлаған едік. Қайырымды жандар балаларға қысқы киім сатып алып беріп, азық-түлік жеткізген.
Қаржылай көмек берді. Қалалық әкімдік уәде еткендей 6 жастағы Әсемгүл мен 4 жастағы Ақерке бес күндік балалар бақшасына тіркелді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Көп нәрсе өзгерді. Балалар бақшаға барды. Қазір 6 жастағы Әсемгүл мен 4 жастағы Ақерке үйде. Себебі, шешек жұқтырып, қазір жылы жерде ем қабылдап жатыр. Әрі олар уақытылы вакцина алмаған. Дәрігерлер қарап, тексеріп, өткізіп алған екпелерінің тізімін жасады», – дейді Тілләхан Ырзабаева.
Ал отағасы Махмұд Құлжұмыров қазір Алматы қаласындағы Өзбекстан елшілігінде жүр. Ол мерзімі өтіп кеткен құжаттарын қайта түгелдеп, тіркеуге жіберді.
«Құжаттарды реттеуге тағы бір жыл уақыт кетеді екен. Елшілікке 10 мың теңге көлемінде айыппұл төледі. Ақтөбеге келген соң қайтадан көші-қон полициясына барады. Сең қозғалды, проблемаларымыз шешіле бастады. Қыздардың киімдері бүтінделіп, азық-түлік қап-қабымен жеткізілді. Рахмет айтамыз», – дейді Ырзабаева.
Дегенмен оралмандар отбасы әлеуметтік жәрдемақыларды алу жолының шешілуін күтіп отыр. Ал төрт қыздың анасы Саодат Құлжұмырова әлі балаларына оралмады. Ол Өзбекстанда асханада ыдыс жуушы болып еңбек етіп, жолға қажетті қаржысын жинап жүр екен.
«Балаларға қиын болды. Бізге уақытша баспана болса екен деген тілегіміз бар. Сол мәселе шешілсе, қарыздарымызды төлеп, ұлым Махмуд әл жинап алар еді», – дейді Ырзабаева.
Еске салсақ, Ақтөбеге Өзбекстаннан қоныс аударған Құлжұмыровтар отбасында төрт бала бар. Ақерке, Әсемгүл, Айсұлу, Жанат есімді қыздардың алды онда, кішісі төрт жаста. Әкесі Махмұд Құлжұмыров жалдамалы жұмыс істейді, ал анасы Саодат Құлжұмырова денсаулығы нашарлап, құжаттары реттелмей, Өзбекстанға қайта оралған. Қаңтар айында шекара асып кеткен ана әлі күнге дейін оралмады. Ал кір жуу, тамақ істеп, үй жинау, балаларға күтім жасау секілді үй шаруашылығының бәрі он жастағы Жанат Құлжұмырованың жауапкершілігіне артылды. Бастауыш сынып оқушысы сабақты жақсы оқиды, бәріне үлгереді.
Жіберіп алмаңыз:
Режиссер: Кинотеатрларда ашық порно көрсете бастайық
9 жасар оралман қыздың министрге жазған хаты қазақстандықтардың жүрегін ауыртты
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбедегі арнайы операция жөнінде айтып берді
Алматыда жезөкшелікпен айналысатын притондар жабылды