Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік зейнеткер туған күніне бір күн қалғанда экстремистер қолынан қаза тапқан

Ақтөбедегі атыс кезінде кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға оқ тиіп, қайтыс болған. Александр Онищенко қару-жарақ дүкенінен қалың нөпір жүгіре шыққан кезде үйіне қарай қайтып келе жатқан. Қарт адамды олар әйелінің көзінше көшеде атып салған деп хабарлады КТК телеарнасы. Жалпы, радикалдар шабуыл кезінде төрт қала тұрғынын өлтірген. Бүгін күдіктілер қолынан қаза тапқан тұрғындарды жерлеу рәсімі өткізілмек.

ыммы

Александр Онищенко көлігін тұраққа қойып, шыға бергенде қанішерлер атып тастаған. Оқыс оқиғаны әйелі балконнан көріп қалыпты.

“Ол көлігін қойып, гараждан шығып келе жатты. Ал қалың топ адам көлікте болған. Есік бекітілмеген еді. Оның жасы 68-де. Ол кеудесінен жарақат алған. Мен бұл жағдайды балконнан көріп қалдым. Коля, Коля деп айқайлап едім үндемеді, тек жерде сұлқ жатты”, – дейді әйелі Галина Онищенко.

Зейнеткер өзінің туған күні қарсаңында қайтыс болды. Сондай-ақ, Светлана Дорофеева да жерлеуге дайындалып жатыр. Оның да күйеуі оқыс келген апаттан қаза тапты. 35 жастағы Михаил Матросов өзінің ағасымен бірге “Пантера” қару дүкеніне барған. Олар балық аулауға бару үшін керек-жарақ алып алмақшы болыпты. Досы оны көлікте күтіп отырған. Дәл осы кезде қарақшылар дүкенге басып кірген.

“Ол қарақшылармен төбелескен. Өйткені маған мәйітханадағылар оның денесіне жұдырық тиген дейді. Пышақ жарақаты да бар екен”, – дейді әйелі Светлана Дорофеева.

Михаилдың артында 13 жастағы баласы қалды. Әкесінің өмірден озғанын жас балаға бүгін ғана айтқан.

Бұл қанды жексенбіде Светлана Абдуллина да күйеуінен айырылды. Ол қару-жарақ дүкенінде сатушы болып жұмыс істеген. Жуырда ол да 45 жасқа толғалы отыр еді. Алайда өкінішке орай айтулы күн оны жерлеу рәсімімен тұспа-тұс келіп отыр. Андрей Максименконың денесі “Паллададан” шығарылмақ.

“Қарақшылар оны бірден жүрегінен атып тастаған. Сол жерде тіл тартпай кеткен. Олар кіріп келген кезде, ол клиенттер шығар деп қызмет көрсетпекші болған”, – дейді Светлана Максименко.

“Палладада” “Күзет” қарауыл агенттігінің қызметкері де көз жұмды. 33 жастағы Мерхан Тәжібаевтың артында да екі баласы қалды. Дүкен жанында орналасқан бес қабатты үйдің тұрғындары дүкенді жабу туралы өтінішті әкімдікке жолдап қойғандарын да айтты. Билік қайтыс болғандардың отбасына миллион теңгеден төлеп, жерлеу рәсімінің шығындарына мойнына алатындығын айтқан.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде 5 маусым күні болған қанды оқиғаны ұйымдастырды деген күдіктілер аты-жөні белгілі болды. Қазір оларды құқық қорғау органдары іздестіру үстінде. Жазықсыз көз жұмғандар қатарында әскери адамдар да бар.

Талқылау