Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАӘ-ден көлік аламын деген қазақстандықтар 50 миллион теңге шығынға батты

Ақтөбе облысыФото: Ақтөбе облысы полиция департаменті

Ақтөбелік тұрғын арзан бағада Біріккен Араб әмірліктерінен көлік әкеліп беремін деп уәде еткен. Енді ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, 36 жастағы ер адам әлеуметтік желіде парақша ашып, БАӘ-ден көлік жеткізіп беремін деп қызмет ұсынған. Осылайша 7 адам зардап шегіп, келтірілген жалпы шығын 50 миллион теңгеден асқан.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Полиция азаматтарды бейтаныс адамдарға ресми құжаттарға көз жеткізбей ақша аудармауға шақырады. Сондай-ақ күмәнді жағдай туындаса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет екенін ескертті.


Қазақстанға Ресейде такси ретінде пайдаланылған арзан көліктер жаппай әкелінуі мүмкін – сарапшылар


Қызылорда облысында келіншек алпысқа жуық адамға үй алып беретінін айтып, несие алдырып алдап кеткен


Еске салайық, бұған дейін қазақстандық күдікті Кореядан арзан көлік жеткізіп беремін деп Алматының 6 тұрғынын 145 млн теңгеге алдап, Ресейге қашып кеткен. Ол халықаралық іздеуде болып, биыл Краснодарда ұсталды. Экстрадицияланып, тергеу изоляторына қамалды. Күдікті 5-10 жылға сотталуы мүмкін.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 10 Қыркүйек, 2025 12:04
Талқылау