Ақтөбелік тұрғын балаларының көзінше келіншегін бауыздамақ болған
Ақтөбелік тұрғын балаларының көзінше келіншегін бауыздамақ болған. Қайта Құдай сақтап, сілтеген пышағын әйел қолмен көлегейлеп қалыпты. Тіпті, Айсұлу қансырап жатқанда он төрт жыл отасқан жұбайы жедел жәрдемді шақыртуға кедергі келтірген, деп хабарлайды КТК арнасы.
34 жастағы келіншек өз күйеуінен мұндай айуандықты күтпегенін айтады. Сол күні жұмысқа жиналған оның жолын бөгеп, жұдырық ала жүгірген. Артынша пышақ алып, жүрегіне тықпақ болыпты. Қайта әйел сол қолымен кеудесін жауып үлгерген. Араққа сылқия тойып алған отағасы араша түспек болған екі баласына да әл бермеген. Осылайша әйелін өлтіріп қоя жаздаған азаматтың үстінен қылмыстық емес, әкімшілік іс қозғалып, ол небары үш күнге қамалыпты. Ал Айсұлу оның қатаң жазалануын талап етіп отыр. Өйткені бостандықта жүрсе өмірімізге қауіп төндіреді дейді.
“Пышақты ар жақтан барып алып келді. Сені өлтіремін деп, жүрегіме қарай тығамын деді. Мен тек қолымды алдыма қойып үлгердім. Мына жерімнен тықты. Кешірім сұрап жүрген ештеңесі жоқ. Сені өлтірмей қоймаймын деп отыр”, – дейді Айсұлу Айкиева.
Жіберіп алмаңыз:
Петропавлда немересін тірідей пешке жаққан зейнеткер сотта жауап берді
Алматы облысында 7 жылға сотталған азамат кінәсіз деп танылды