Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік мұғалімдер жағдайы нашар отбасыларға тегін киім таратып жатыр

Ақтөбеде қала мектептерінің мұғалімдері аз қамтылған отбасыларға көмек беруге кірісті. Алтай базарында орналасқан «Қайырымдылық дүкеніне» олар балаларға арналған жылы киім кешектерді тапсырып жатыр.

тегин-дукен-1

Бұл туралы aktobenews.kz хабарлайды.

Бұл жерде кез-келген аз қамтылған отбасы келіп тегін киім таңдай алады.

Тұрмысы төмен отбасыларға осындай көмек көрсету идеясын қалалық білім бөлімі бастады. Шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Қала мектептері мен балабақша қызметкерлері осы жерге келіп киім-кешек, балаға қажет керек-жарақты тапсырады. Бүгінгі акицияға 30 мектеп үлес қосты.

“№26 мектептің мұғалімдері атынан бүгін негізінен балаларға арналған жылы киімдер әкеліп тұрмыз. Мектеп сөмкесі де бар. Мұндай шаралар аса қажет деп санаймыз. Естіген бойда шын ниетімізбен көмекке кірісіп кеттік. Тіпті оқушылар да бұл шараға үлес қосып жатыр”, — дейді №26 орта мектеп директоры Ләззат Тәжібаева.

тегин-дукен-2

Игі акция 5 аптаға созылады. Оған тек қала емес, қалаға қарасты селолық округ мектептері де қатыса алады. Дүкенге келіп киім-кешек алу үшін арнайы тізімде аз қамтылған ата-ананың, баланың аты-жөні болуы керек.

«Алтай», «Шығыс» базарларында орналасқан «Қайырымдылық дүкендері» Ақтөбеде наурыз айынан бастап жұмыс істеп тұр. Ашылғалы бері 3 мыңға жуық ақтөбелік осындай дүкендердің қызметін пайдаланып үлгерді.

Оқи отырыңыз:

Григорий Лепс өзінің концертінде ұятқа қалды (видео)

Актриса Бибігүл Сүйіншалина түні бойы мотоцикл айдайды (фото)

Ресей тұрғындары бір уақытта қатарынан үш күнді көрді

Ұлттық компаниялар жаңажылдық корпоративтерден бас тартуда

Талқылау