Ақтөбелік майор қашқындармен бірге көлік төбесінде 12 километрді қалай жүріп өткенін айтып берді
Ақтөбеде қоныс колониясынан қашқандарды ұстамақ болған түрме қызметкері он шақырым бойына жазасын өтеушілер мінген машинаға жармасып жатқан. Сөйтіп, 34 жастағы әділет майоры Нұржан Жидеханов аяқ-қолын үсітіп алыпты, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Ол мұндай жағдайға қоныс колониясынан қашқан екі адамда іздеп жүріп тап болған. Жазасын өтеушілер бір апта бұрын медициналық тексеруге кетіп, сол күйі оралмапты. Олардың қала шетінде Тойота көлігімен қашып жүргенін естіп, майор сол жерге жеткен. Оны көріп қылмыскерлер қашпақ болғанда, Нұржан Жидеханов жүріп бара жатқан көлікке жармасып алады. Төбесіне жабысқан күйде он шақырым жер жүріпті. Тек тәртіп сақшылары көліктің жолын бөгеп, майор аман қалды. Енді осы үшін қос қашқын жаза үстіне тағы да жаза арқалайтын болды.
“Құлайтынымыды біліп, машинаның үстіне мініп алдым. Екі жағында ұстайтын тірегі бар екен. Соны ұстап жаттым төбесінде. Жылдамдығын түсіре бастағанда, сол кезде мен машинаның төбесінен құладым”, – дейді КА-168/3 түзеу мекемесінің қызметкері Нұржан Жидеханов.
Жіберіп алмаңыз:
Ресейде ер азамат балаларын бақшаға кіргені үшін балғамен ұрып өлтірді
Алматы облысында автобуспен соқтығысқан көлік екіге бөлініп күл талқан болды
Шымкентте такси жүргізушісін ойыншық тапаншамен қорқытып, көлігін мініп кеткен
Шымкентте 91 тобының жанкүйерлері зейнеткерлерге тегін жүруге жағдай жасады