Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында автобуспен соқтығысқан көлік екіге бөлініп күл талқан болды

Алматы облысы Ақшы кентінің маңындағы Күлжинкі жолында жеңіл көлік автобуспен соқтығысты.

Pregnant woman eat apple

Соққының қаттылығынан жеңіл көлік екіге бөлінді. Апат салдарының видеосы @kris_p_almaty Instagram қауымдастығында жарияланды. Видеода Mitsubishi Galant көлігінің бөліктері шоссенің екі жағына ұшып кеткені көрінеді.  Алматы облысының полициясында Sputnik Қазақстанға жол апатының сейсенбі, 31 қаңтар күні болғанын хабарлады.

“Mitsubishi Galant автокөлігі мен Setra автобусының соғысқаны рас. Адам шығыны болған жоқ. Жол апаты салдарынан жеңіл көлікті болған үш адам зардап шекті. Олар Есік қаласының ауруханасына жатқызылды”, — деп хабарлады өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде.

Апат орнында Еңбекшіқазақ АІІБ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Автокөліктердің соқтығысуының мән-жайы тиісті тексеруден кейін анықталатын болады.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте такси жүргізушісін ойыншық тапаншамен қорқытып, көлігін мініп кеткен

Шымкентте 91 тобының жанкүйерлері зейнеткерлерге тегін жүруге жағдай жасады  

Ақтөбеде майор сотталушыларды ұстау кезінде фантастикалық кинолардағы трюкты қайталаған

Талқылау