Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте такси жүргізушісін ойыншық тапаншамен қорқытып, көлігін мініп кеткен

Шымкентте белгісіз азамат такси жүргізушісін ойыншық тапаншамен қорқытып, көлігін мініп кеткен. Күдікті онымен тұрмай, жүргізушінің қалтасындағы бар ақшасы мен ұялы телефонын тартып алған.

22-4

Бұл туралы 24 хабар арнасы хабарлайды.

Жәбірленуші Қаратау аудандық ішкі істер бөліміне шағымданған. Такси жүргізушісінің тәртіп сақшыларына берген жауабында жолаушы Сайрам ауданына апарып салуын өтінгенін айтқан. Ақшасына да келіскен. Жолай әлгі азамат тоқтап кетуін сұранған. Сол кезде ол аяқ астынан тап беріп, тапаншамен қорқытып, жеңіл машинасы мен бағалы заттарын алып, белгісіз бағытта тайып тұрған.

Шұғыл хабарлама алған Төлеби аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері көлікті аудан аумағынан байқап қалып, қолға түсірген. Оны Қаратау аудандық ішкі істер бөліміне өткізген. Тәртіп сақшылары әлгі азаматтың бұған дейін істі болған 1992 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықтады. Айғақты зат ретінде жеңіл көлік пен ойыншық тапанша тәркіленген. Қазіргі таңда күдіктінің үстінен ҚР ҚК 191 бабы «Тонау» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша қамауға алынды, дейді ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөліміндегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте 91 тобының жанкүйерлері зейнеткерлерге тегін жүруге жағдай жасады  

Ақтөбеде майор сотталушыларды ұстау кезінде фантастикалық кинолардағы трюкты қайталаған

ОҚО-да ерлі-зайыпты Шыңғыс ханның қабірін ашуға елбасы рұқсат етсе, өзгерістер болатынын айтады

Талқылау