Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ақтөбелік келіншек туыстарын үй алып беремін деп алдап соққан

Фото: Видеодан скрин

Ақтөбе алаяқ бірнеше пәтер алып беремін деп 55 адамды алдап соққан. Жәбірленушілердің қатарында алаяқтың туыстары да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел құбандарына мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана беруге уәде берген. Ол өз қызметі үшін 350 мың теңге алған. Алайда адамдар тек Ақтөбеден емес, Астанадан да пәтерлі боламын деген үмітпен оған миллиондаған ақша берген.

Алаяқтың сөзіне сенген жәбірленушілер бұған өзінің жақындары мен таныстарын да тартқан. Ол өзінің бірнеше пәтерді бірден алғанын айтып, басқаларға да баспана алуға көмектесетінін жеткізген. Тіпті кейбір адамдарға жаңа салынған тұрғын үйлерді таңдап көруді ұсынған. Алайда олардың ешбірі не үйінің кілтін алмаған, не ақшасын қайтара алмаған.

Алданған бір топ жәбірленуші мұның рас-өтірігіне көз жеткізбеген, тіпті әйелден күмәнданбаған. Өйткені алаяқ кейбір жәбірленушілерге туыс болып келеді. 

“Мен Батыс-2 ауданынан үш бөлмелі пәтерге келісіп едім. Ол маған сыйақы ретінде бір миллион сегіз жүз мың теңге бересің деді. Біраз уақыт өткен соң, ол маған Сити ауданынан тағы бір пәтер алып бере алатынын айтты. Мен тағы да 500 мың теңге бердім. Ол тіпті Астанадан да пәтер алып бере алатынын айтты. Ол әйел маған туыс болып келеді. Ол – менің әпкемнің туған қайынсіңлісі”, – дейді жәбірленуші Сәкенай Аленова.

Енді 55 жәбірленуші сот арқылы миллиондаған ақшаның қайда кеткенін анықтауға тырысып жатыр. Олар бұл әйелдің белгісіз сыбайластары бар деп есептейді.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 01 Мамыр, 2025 12:47
Талқылау