Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік келіншек әпкесіне 500 мың теңге аударамын деп алаяқтарға алданып қалған

Алаяқтар ақтөбеліктерді достары немесе туыстарының атынан алдайтын болған. Олар жалған телефон нөмірлер мен арнайы бағдарламаларды пайдаланады екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбелік келіншекке WhatsApp желісінде қаскөйлер әпкесінің атынан хат жазып, таң атқанша 500 мың теңге бере тұруын өтінген. Ештеңеден күдіктенбеген әйел қажет соманы аударған. Ал таңертең ол ақшаны алаяқтарға аударғанын түсінген.



“Полиция департаменті азаматтардың мұндай хабарламаларды алған кезде мұқият және сақ болуын сұрайды. Қайта қоңырау шалып, досыңыздан қарызға ақшаны өзі сұрап жатқанына көз жеткізу керек", – делінген ДП баспасөз қызметінің хабарламасында.

Талқылау