Ақтөбелік кәсіпкер шетел азаматын құлдықта ұстаған
Ақтөбе облысындағы шаруа қожалығының басшысы Өзбекстанның 58 жастағы азаматын құлдықта ұстап келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі
"Ақтөбе облысында шаруа қожалығының басшысы анықталып, полицияға жеткізілді, ол Өзбекстанның 58 жастағы азаматының құжаттарын алып қойып, физикалық күш көрсететінін айтып, бір жыл бойы еңбекке жеккен", - деді ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Камил Галиев.
Жәбірленуші қорада тұрған, мал жайған және оған қараған. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 128-бабы "Адам саудасы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Қостанай облысында да ұқсас жағдай анықталды.
"Шаруа қожалығының басшысы екі жарым жыл бойы облыстың 21 жастағы тұрғынын заңсыз еркіндігінен айырып, жұмыс істеуге мәжбүр етті. Жігіт жайылымда ірі қара және ұсақ мал мен жылқыларды қараған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 126-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы "пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша тергеу жүргізілуде. Жәбірленуші дағдарыс орталығына орналастырылды, онда оған қажетті көмек көрсетіледі",-деді баспасөз қызметінің қызметкері Камиль Галиев.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
