Жүрегім ауырды: Ақтөбелік кәсіпкер мүгедек қыздың отбасына 2 бөлмелі пәтер сыйлады
Ақтөбе облысының тұрғыны мүгедек қыздың отбасына 2 бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында тұрғыны Бағила Бекішева бір отбасыны өзі асырап отыр. Отағасы Алдаберген Бекіш жасы 60-тан асқандықтан жұмыс таба алмайды. 6 қыз, 1 ұлды өмірге ікелген«Алтын алқа» иегері мүгеек қызының күтіміне де өзі қарайды. Ұлының жүрегі ауырып ота жасатқан. Ол да ІІ топ мүгедегі, ауыр жұмыс істей алмайды. Отбасының осындай қиын жағдайын көрген кәсіпкер Сәуле Дәулеталина Рамазан айында 2 бөлмелі пәтерді сыйлады.
«Өзім Шалқар ауданының қызымын. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мән-жайды айтқан соң әлеуметтік жағдайы төмен, мүгедек балалары бар анамен, отбасымен кездестім. Газы жоқ үйде тұрады. Ешкім тұрақты жұмыс істемейді. Мүгедек балаларының зейнетақысы мен анасы Бағила Бекішеваның тары-талқан сатып, тапқан табысымен күнкөреді. Оларды көріп, жүрегім ауырды. Жағдайын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Рамазан айында қайырымды іс жасауға бекініп, мүгедек қызы үшін 2 бөлмелі пәтер алып бердім. Алдағы уақытта азық-түлік жеткізіп, 18 жасқа келген Гүлшат Бекішеваға сауықтыру шараларын ұйымдастырамын»,- деді кәсіпкер.
Жомарт жан одан бөлек мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында ауданға сауықтыру кешенін салуды көздеп отыр. Осы отбасының мүгедек қызы Гүлшатты сол орында емдетпек.
Оқи отырыңыз:
Елімізде қабірге биік құлпытас пен зәулім кесене орнатуға тыйым салынды