Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік кәсіпкер 7 жетім отбасының әрқайсысына 2-3 бөлмелі үй сыйламақ (фото)

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында 90 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған Ибрагим Сәрсенбаев жетімдер үйінен шыққан жас отбасыларға үй бермек.

????????????????????????????????????

Жұма күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Шалқар қаласынан Ырғыз ауылына дейін көлікпен барды, деп жазады Ақтөбе газеті.

????????????????????????????????????

Ол аудандағы әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысандарды аралады. Бұған дейін ырғыздық кәсіпкер Ибрагим Сәрсенбаев жетімдерге үй беретіндігі туралы айтып, облыс әкіміне уәде берген еді. Оның уәдесінде тұрғандығын тексеру үшін Бердібек Сапарбаев құрылыс жұмыстарын аралап көрді. 1977 жылы салынған екі қабатты ғимарат күзге дейін жөнделуі тиіс.

“Облыс әкіміне жетім балаларды қамқорлыққа алатынымды айттым. «Туған жерге тағзым» акциясымен осы жобаны қолға алдым. Балалар үйінде тәрбиеленген жеті жас отбасының басына баспана, қолына жұмыс тауып бергім келеді. Құрылыс жұмыстарын күзге дейін бітіреміз. Үй бітпей тұрып, ешкімді шақыра алмай отырмын. Жеті отбасыға 2-3 бөлмелі үйден беріледі. Басында алты отбасыға үй беретінімді айтқан едім. Бірақ, Рамазан айында киелі сан болсын деп жеті отбасын көшіріп әкелуді жоспарлап отырмыз. Балалар үйінде тәрбиеленген балаларды әкелгім келеді. Оларды жұмыспен қамтуға толық мүмкіндігім жетеді. Қолдарына бір-екі малын беремін. Сүтін ішсе, бақшасын ексе деген ойым бар”, — деді Ибрагим Сәрсенбаев.

Айта кетейік, ауданда бір де бір жетімдер үйі жоқ. Сондай-ақ, ауданда өзге діни ағым етегінде жүрген адам да тіркелмеген. Екпе алудан бас тартқан отбасы да жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Неліктен Мақсат Үсеновті әуежолаушыларының қара тізіміне енгізген жоқ?

Ұзақ уақыт отбасымен “бірге тұрған” елес алғаш рет камераға түсіп қалды

Біртуған бауырларды ажыратқысы келмеген жұп 5 баланы бір-ақ асырап алды

Талқылау