Ақтөбеде діндарлар рұқсатсыз «халал балабақша» ашқан
Ақтөбе облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Жанна Қайшығұлова облыстық мәслихатта есеп берді.
Көрнекі сурет:
Басшы қалада жеке балабақшаларды рұқсатсыз салып алатын кәсіпкерлердің барын айтты. Олардың қатарында рұқсатсыз салынған халал балабақша бар, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Халал балабақша туралы ақпаратты жауапты мамандар әлеуметтік желі арқылы білген.
«Instagram желісі арқылы халал балабақша ашылғандығы туралы жарнама жасалынған. Әлеуметтік желіге жүктелген сурет арқылы балабақша туралы ақпарат алдық. Қалалық білім бөлімі, дін істер басқармасы, терроризмге байланысты жұмыс тобының қызметкерлерімен бірге барып, балабақшаны тексердік. Әкімшілік іс қозғалды, хаттама толтырылды. Іс сотқа кетті. Балабақша ашқан адам орталық ашу туралы хабарлама берілу керектігін білмеген. Жеке сектордағы Батутин көшесіндегі балабақша жабылды», — дейді облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Жанна Қайшығұлова.
Жергілікті билік Ақтөбеде діндарлардың балаларына арнап салынған балабақшаны прокурорлардың араласуынан кейін жауып тастаған.
«Мектепке дейінгі ұйымдарда білімі жоғары тәрбиешілер жетіспейді. Қазіргі уақытта жеке балабақшалар саны көбейіп жатыр. Біз ауылдық жердегі балабақшалардың техникалық базасына аса назар аударуымыз керек», — деді басқарма басшысы осы саладағы мәселелерді көтеріп.
Тағы да оқыңыз:
Ұлыбританияда хиджаб мектеп формасы болып бекітілді
Атырау облысының тұрғыны үйсіз жүрген ауылдасына баспана салып берді (фото)