AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйіне кіргізбей қойған: Бұрынғы әйелінен кек алған ақтөбелік азамат полиция бөлімінен бір-ақ шықты

Ақтөбелік ер адам бұрынғы әйелі үйіне түнеуге кіргізбегені үшін оның көлігін өртеп жіберген. Кінәлі қазір сот алдында жауап беруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алдымен ер адам бұрынғы әйеліне хабарласып, түнеуге өтініш жасаған. Алайда әйелі тұтқаны қоя салған. Кейін үйіне келіп, домофон арқылы да, телефон арқылы да қоңырау шалған. Әйел тұтқаны көтермеген соң үстіндегі спорттық күртесін шешіп, бұрынғы жұбайының көлігінің алдыңғы дөңгелегіне қойып, өртей бастайды. Жалын тез арада вамперге, алдыңғы қозғалтқыш ұясы мен басқа да жерлерге тараған. 

Ол оқиға орынынан кетпей бәрін мойындаған. Нәтижесінде бөтеннің мүлкіне қасақана өрт қою арқылы зиян келтірді деген айып тағылып, сот отырысынан бір шықты. Мамандар Chevrolet Tracker көлігін жөндеу және қалпына келтіру құны 4 миллион теңгеден астам екенін анықтады. Ақтөбе тұрғыны 4 жылға бас бостандығынан айырылды, сонымен бірге өртенген көлігі үшін жәбірленушіге келтірілген шығынды өтеуге міндеттелді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр