Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік әйел көршісінің атынан заңсыз 12 несие рәсімдеген

Ақтөбеде көршісінің атынан заңсыз 12 несие рәсімдеген әйел сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кредит

Сот үкіміне сәйкес, 31 жастағы қала тұрғыны алдағы үш жыл үш айын темір тордың арғы жағында өткізеді. Көршілер бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болғандықтан, жапа шегуші коммуналдық төлемдерді төлеу үшін жеке куәлігін әйелге артық ойсыз берген.



Көршісінің аңғалдығын пайдаланған заң бұзған әйел оның атынан жарты миллион теңгеге 12 несие рәсімдеген. Көрші әйел өзінің қарыз екенін микрокредиттік ұйымдардың қоңырауларынан кейін білген. Жәбірленуші несиелерді, сондай-ақ қосылған үстемақыларымен – 700 мың теңгеден астам соманы өзі төлеуге мәжбүр болады. Қылмыстық іс алаяқтық бабы бойынша қозғалды. 

Зардап шеккендердің арасында тағы екі әйел бар. Сенімдеріне кірген қылмыскер бірінен несие рәсімдеуге көмектесемін деп, ал екіншісінен мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға қолғабыс боламын деп ақша алған. Бірақ өз сөзінде тұрмаған. Айыпталушы өзінің кінәсін толық мойындады.  

Талқылау