Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік 68 жастағы әйел баласынан алимент өндіріп алды  

Ақтөбе облысы сотының баспасөз қызметі өңірде 68 жастағы зейнеткер өзінің ересек ұлынан алимент өндіру туралы арызбен сотқа жүгінгенін мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Талап қоюшы зейнет жасында болуына, денсаулығының нашарлауына байланысты күрделі ота жасатуға мүмкіндігі болмағандықтан, баласынан алимент өндіруді сұрады.

ҚР Неке және отбасы туралы кодексі 145-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.



Сотта өткізілген татуластыру рәсімінің нәтижесінде тараптар дауды бітіммен аяқтауға шешім қабылдады.
Тараптар қол қойған бітімгершілік келісімге сәйкес, жауапкер өзінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз анасына ай сайын 41 АЕК, яғни 151 мың 372 теңге мөлшерінде алимент төлеуге міндеттелді, – делінген сот хабарламасында.

Соттың ұйғарымымен келісім бекітіліп, азаматтық іс тоқтатылды.

Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысында Әділет департаментінің қызметкерлері алимент бойынша борышкерлерді балаларына тиесілі ақшаны төлеуге мәжбүр етті. ШҚО тұрғынынан алимент өндіріп алынды. Әділет департаменті мен ШҚО полиция департаментінің бірлескен рейдінде Lexus RX 330 маркалы автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Кейіннен автокөлікті жеке сот орындаушылары қарызды өтеу есебінен сатты, ол 4 миллион 448 мың 885 теңге болды.

Талқылау